Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2025 жылға арналған есеп
1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысының білім басқармасы Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі «Арайлым бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, Заңды мекенжайы Ақкөл қаласы, Кирдищев көшесі 87 А.
2025 жылы «Арайлым бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны қызметті көрсетті;
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 71;
қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 0.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған ds0006.akkol.aqmoedu.kz
«Арайлым» бөбекжайының ресми интернет – ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында МКҚК «Арайлым» бөбекжайы бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. Аkmola.kz жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызымет көрсету саласында МКҚК «Арайлым» бөбекжайы қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызыметкер қызымет көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2025 жылы «Арайлым бөбекжайы» жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Басшы А. Тохтархан
Тел.2-02-26
Орынд:Шынар Т.