24.08.2026
📚 АУДАНДЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ
Тақырыбы: «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі»
Аккөл ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында аудандық Тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті.
Пленарлық отырыс барысында білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланып, жаңа оқу жылына қойылатын міндеттер мен педагогтердің кәсіби дамуы жөнінде маңызды ойлар айтылды.
Кеңес барысында екі жас маман – Тәжібай Айдана мен Берденбек Айша таныстырылып, оларға жаңа еңбек жолында сәттілік тілеп, жылы лебіздер білдірілді. 🌸
Сонымен қатар, бөбекжай басшысы аталған тақырып аясында баяндама жасап, білім беру жүйесіндегі адами капиталды дамыту, педагогтің кәсіби әлеуетін арттыру және сапалы білім мен тәрбие берудің маңыздылығына тоқталды.
Кеңес соңында еңбегі мен кәсіби қызметі жоғары бағаланып, Ақмола облысы білім басқармасының марапатына ие болды. 🏆
Бұл марапат – атқарылған еңбектің бағасы ғана емес, алдағы уақытта да сапалы білім мен саналы тәрбие жолында жаңа жетістіктерге ұмтылуға берілген үлкен мотивация.
https://www.instagram.com/p/DcVW3RADHCJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
📜 Ақкөл аудандық тамыз конференциясы аясында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету» тақырыбында өткен іс-шарада «Интеллектум әлемі баланың логикалық ойлауын дамыту» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, тәрбиеші Ханатбек Ботакөз білім беру саласындағы тәжірибесі мен кәсіби үлесі үшін Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі тарапынан сертификатпен марапатталды. 🏆
https://www.instagram.com/p/DcaSurPCq1m/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
🌿 Ақкөл аудандық тамыз конференциясы аясында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету» тақырыбында өткен конференцияда музыка жетекшісі Аманкелді Қадиргүл «Ұлттық аспаптар арқылы ұлттық құндылыққа тәрбиелеу» тақырыбында сөз сөйлеп, өз тәжірибесімен бөлісті.
https://www.instagram.com/p/DcaZneLiuxm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==