""Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Ақкөл қаласының «Арайлым» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное Коммунальное Казенное Предприятие "Ясли- сад "Арайлым" города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Заманауи инновациялық технологиялар мен ұлттық құндылықтарды интеграциялау» тақырыбында семинар-практикум

«Заманауи инновациялық технологиялар мен ұлттық құндылықтарды интеграциялау» тақырыбында құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес семинар-практикум өткізілді.
Семинар барысында әріптесіміз Хадыр М. асық ойынын пайдалана отырып жасаған дидактикалық ойындарын таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісті. Ал Чибирева О.В. «Фребель сыйы» ойын жиынтықтарын ұлттық құндылықтарды насихаттауда қолданудың тиімділігі тақырыбында шебер-сынып өткізді.
Сонымен қатар балалармен жеке жұмысты ұйымдастыруда құм бөлмесі мен сенсорлық бөлмені тиімді пайдаланудың жолдары бойынша да шебер-сыныптар көрсетілді.
Семинар ұйымдастырушысы, балабақша басшысы Айнур Тохтарханқызы, ұлттық құндылықтар мен инновациялық әдістерді балабақша тәжірибесінде тиімді интеграциялаудың нақты мысалдарын көрсетіп, қатысушыларды жаңа бағыттармен таныстырды.


Текст