""Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Ақкөл қаласының «Арайлым» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное Коммунальное Казенное Предприятие "Ясли- сад "Арайлым" города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

мемлекеттік қызмет

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біздің балабақша

2015 жылдың қазан айында 140 балаға арналған «Арайлым» бөбекжай-балабақшасы өз есігін айқара ашты. Ашылған күннен бастап балабақша әр баланың жан-жақты дамуына жағдай жасалған, мейірім мен қамқорлыққа толы білім мен тәрбие ордасына айналды.

Қазіргі таңда балабақшада 7 топ жұмыс істейді: оның 5 тобы мемлекеттік тілде, 2 тобы орыс тілінде тәрбиеленуде. Білім беру үдерісі екі тілде ұйымдастырылып, тәрбиеленушілердің тілдік құзыреттілігін ерте жастан дамытуға мүмкіндік береді.

«Арайлым» балабақшасында балалардың шығармашылық және дене дамуына арналған заманауи музыкалық зал мен спорт залы жұмыс істейді. Сонымен қатар қазақ тілі кабинеті, сенсорика кабинеті, құмтерапия кабинеті және балалардың денсаулығын нығайтуға арналған тұзды бөлме бар. Кең әрі жарық топ бөлмелері балалардың жайлы әрі қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне мүмкіндік береді.

Әрбір топ заманауи әдістемелік құралдармен, дидактикалық материалдармен, теледидарлармен және балалардың жан-жақты дамуына қажетті ойыншықтармен толық қамтамасыз етілген.

Бөбекжай-балабақша меңгерушісі Тохтархан Айнур — жауапты, білікті басшы. Ол ұжымның кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасап, білім беру үдерісінің сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

Балабақшада білікті мамандар қызмет атқарады: тіл мамандары, логопед-дефектолог, психолог, дене шынықтыру нұсқаушылары және музыка жетекшілері. Балабақша әдіскері Аймуканова Данагуль Сериковна педагогтарға жүйелі әдістемелік көмек көрсетіп, білім беру сапасының жоғары деңгейде болуына ықпал етеді.

«Арайлым» бөбекжай-балабақшасы — әр баланың өзін қауіпсіз әрі бақытты сезінетін, жарқын болашаққа алғашқы қадамын сенімді басатын жылы да жайлы мекен.


Текст