09.02.2026
"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының «Арайлым» бөбекжайы" МКҚК базасында Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдары педагогтеріне арналған облыстық семинар-практикум: «Заманауи балабақша жағдайында “Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асырудың тиімді әдістері» тақырыбында өтті.Семинар бағдарламасы аясында «Арайлым» бөбекжайының меңгерушісі Тохтархан А. «Адал азамат» бағдарламасын бөбекжай тәжірибесінде қолдану жолдары мен инновациялық әдіс-тәсілдер бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті.«Солнышко» МАД тобының тәрбиешілері Яковлева О.А., Булатова Г.Е. жоба аясында ұйымдастырылған «Мы с природой дружим, мусор нам не нужен» тақырыбындағы іс-әрекетті көрсетті.Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы «Жұлдыз» МАД тобының тәрбиешісі Ханатбек Ботакөздің ұйымдастыруымен «Мақтақыз бен мысықтың хиқаясы» тақырыбында сюжеттік ойын өткізілді.«Радуга» ересек тобының тәрбиешілері Чибирева О.В., Бугрова М.А. интеллектум, танграм, Фребель сыйы ойын құралдарын тиімді пайдалана отырып, «Поиски алтын сәукеле» тақырыбында кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті.«Бәйтерек» ересек тобының тәрбиешісі Канзелхан Н. құм бөлмесінде «Ғажайып оюлар әлеміне саяхат» тақырыбында құммен жұмыс жүргізді. «Бәйтерек» ересек тобының тәрбиешілері Мейремхан С., Авсалам К.Ә. «Ұлттық өнеге» аналар мен әжелер мектебінің жұмысын «Жүннен не жасалады?» тақырыбында көрсетті.Ақкөл қаласының №2 бөбекжайының тәрбиешісі Увайсова А.М. ұйымдастырған «Біртұтас тәрбие: балалардың қолынан туған ұлттық үлгі» тақырыбындағы шебер-сынып өткізді. Дене шынықтыру нұсқаушысы Балшоканова Л.К. «Ұлттық ойындар» эстафетасын «Солнышко» МАД тобымен көрсетті.Музыка жетекшісі Аманкелди К. «Ұлттық аспаптар» тақырыбында музыкалық іс-әрекет көрсетті. «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Мустафинова А.С. «Адал азамат. Учимся беречь ресурсы» тақырыбындағы жобалау-зерттеу жұмысын ұсынды. Ақкөл қаласының №3 бөбекжайының тәрбиешісі Емельяненкова С.В. «Национальная одежда» тақырыбында кіріктірірілген іс-әрекет көрсетті.
Ақмола облыстық әдістемелік орталықтың әдіскерлері Шаймерденова А.Е., Жунусова Ж.Ж. "топтық талқылау" рефлексиясы жүргізілді.
https://www.instagram.com/reel/DUfShbeDJ2H/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==