Текст
14.04.2026
🌿🌿 Балабақшамыздың тәрбиеленушілері мен ата-аналары республикалық «Жасыл апта» аясында өткен «Қазақстан бойынша орман отырғызу күндері» экологиялық акциясына белсене қатысып, өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында білім бөлімінің басшысы Садыкова Асель Жамбуловна балалармен бірге көшет отырғызып, көпшілікке үлгі көрсетті 🌱
Табиғатты қорғау мен көгалдандыру – баршамызға ортақ жауапкершілік. Осындай игі істер арқылы біз қоршаған ортаны жақсартып қана қоймай, өскелең ұрпаққа өнеге боламыз.
Жасыл болашақ – біздің қолымызда! 💚
https://www.instagram.com/reel/DXG1hyoDIcd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DXG-bHODGQ9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==