«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Ақкөл қаласының   «Арайлым» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын                                                                                                                                               
Государственное коммунальное     казенное предприятие «Ясли - сад «Арайлым» города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

мемлекеттік қызмет

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балалардың когнитивтік және шығармашылық қабілеттерін дамытудағы денсаулық сақтау және цифрлық технологиялар» тақырыбында облыстық семинар

23.04.2026

Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Жолымбет кентінің «Ботакөз» бөбекжайында «Балалардың когнитивтік және шығармашылық қабілеттерін дамытудағы денсаулық сақтау және цифрлық технологиялар» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында сенсомоторлық және қимыл-қозғалыс жаттығулары, нейроойындар арқылы балалардың сөйлеу тілі, қимыл-қозғалыс белсенділігі, ұсақ моторикасы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау технологиялары мен жасанды интеллектті тиімді қолдану тәжірибелері ұсынылды.
Іс-шара аясында Ақкөл ауданы «Арайлым» бөбекжайының тәрбиешісі Чибирева Ольга Викторовна «Фребель сыйлықтары» ойын жиынтығын мектепке дейінгі жастағы балалардың түзету-дамыту іс-әрекетінде қолдану тақырыбында шебер-сынып өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинарға Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы Ибраев М.У. қатысып, қатысушыларға қолдау білдірді.
Мұндай іс-шаралар педагогтердің тәжірибе алмасуына және білім сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік береді.

https://www.instagram.com/p/DXeUya3jKuL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 

Просмотров: 21


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст